Жетісу облысының Панфилов ауданында қолөнершілер әулеті тұрады

Жетісу облысының Панфилов ауданында қолөнер шеберлерінің әулеті тұрады.

Олар ағаштан ою ойып, мүсін жасап, тігін тігеді. Өнер дарыған отбасы салт-дәстүрді дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын жалғауға өз үлесін қосып келеді. 

Талғат Еркінбеков Бөрібай ауылындағы мектепте еңбек пәнінен сабақ береді. Қолөнер шебері білім ордасынан арнайы үйірме ашқан. Сабақтан тыс уақытта балаларға ағаштан ою ойып, түрлі бұйым жасауды үйретеді. Тіпті, қыздарға тігін тігіп, тоқыма тоқытып, ұлдарға қамшы өргізеді.  

Жомарт Айқан, оқушы:

- Мен он екі өрім, сегіз өрім, жыланбауыр және бес өрім білем. Алты және сегіз өріммен қамшы өрем. Он екі өріммен бұзауға ноқта және жылқыға ноқта жасауға болады. Мен осының бәрін осы үйірмеде үйрендім.

Талғат өз балаларын да қолөнерге баулып келеді. Үйінің ауласындағы шеберханада оларға ағаштан жан-жануарларды және келі,  астау жасатқызады. Өзі де қолы қалт етсе қарап отырмайды. Үнемі шығармашылық ізденісте жүретін шебер бөренеден барыстың мүсінін ойып жатыр. 

Талғат Еркінбеков, қолөнер шебері:

- Бұл барыс Қазақстанның символы. Бұл барыстың нәтижеге жеткен көрінісі. Өйткені қарақұйрық ең мықты жүйрік жануардың бірі. Сондай жүйрік жануар болса да оны біздің Ілбіс ұстап алды. Барыстың мықтылығын көрсеткім келген жұмысым.ақытхан әжей де он саусағынан өнер тамған ісмер. Ол ауылдағы әжелер ансамбліне жетекшілік етеді. Концерттер мен мерекелік шараларға қатысады. Салтанатты жиындарда киетін ұлттық киімдерін әлі күнге дейін өзі тігеді.    

Бақытхан Тулақбаева, Бөрібай би ауылының тұрғыны:

- Қазір енді тігін жұмысын немерелеріме үйреткім келеді. үйткені дайын дүниені киеді де бұған мән бермейді. Бұл ата бабадан қалған салт дәстүріміз. Балнұр деген қызым тоқыманы тез тоқиды. Мына қыздар да үйренеді. Ұстатып қоям. Кейінгіге қалсын деген ниетпен. 

Жақсылықбай ата мен Бақытхан әжейдің ұлдарының үлкені ағаш шебері, ортаншысы мүсінші, кенжесі де өнерден құр алақан емес. Ауызбірлігі жарасқан ағайын шаруашылықты да шалқытып отыр. Ата-анасына деген қамқорлығы да ерекше.  

Жақсылықбай Еркінбеков, Бөрібай би ауылының тұрғыны:

- Қартайғанда жақсы үйде тұрыңыздар деп осы үйді салып берді. скл  Мына өрнектерді балам жасаған. Мынау классикалық дизайн. Скл Осындай классика тәуір ғой деп айтып едік. Осындай үйді тұрғызып берді. 

Ұрпақтар сабақтастығын жалғаған қолөнер шеберлерінің  әулеті Наурыз мерекесін ерекше атап өтеді. Ұлыстың ұлы күні  қарашаңырақта басқосу отбасының бұлжымас дәстүрі болып қалыптасқан. 

Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев