Ш.Жиенқұлова атындағы VІ Республикалық қазақ биі байқауы басталды
Елордада Шара Жиенқұлова атындағы VІ Республикалық қазақ биі байқауының бірінші кезеңі басталды.
Байқау Астана балет театрында өтіп жатыр. Бұл жолы Қазақстанның әр өңірінен 350-ден астам биші келген. Олар «Ансамбльдер» және «Соло» номинациялары бойынша сайысқаа түседі. Жыл сайынғы байқау қазақ эстрадалық және халықтық би саласындағы талантты бишілерді, балетмейстерлер мен педагогтарды анықтайды. Осы іс-шарада Шара Жиенқұловаға арналған фотоальбомның тұсаукесер рәсімі өтті. Ал байқаудың өзі алғаш рет 1992 жылдан басталған. Дода бұл жолы да 3 күнге созылады.
Бибігүл Нүсіпжанова, Қазақ Ұлттық хореография академиясының ректоры:
- Басты біздің байқауымыздың мақсаты ол Шара апамыздың мұрасын сақтап қалу және де ұлттық биімізді ары қарай дамыту, көпшілікке насихаттау. Осы байқаудың ерекшелігі бұнда кәсіби ұжымдар. Ол облыстық филармонияның ансамбльдері және де хореография факультеті немесе кафедрасы бар оқу орындары ғана қатыса алады, сондықтан осы конкурстың деңгейі өте биік.