Қазақ жастары Францияда өнер көрсетті
«Өнерліге өріс кең».
Талантты жастар еліміздің бай мәдени мұрасын француз балаларына таныстырды. Олар Париж іргесіндегі Курбевуа қаласында кішкентай көрермендердің назарына халық музыкасы мен әлемдік заманауи эстраданың үздік туындыларын ұсынды. Концертке «Шабыт» хорының өнепаздары, домбырашылар, би ансамблі қатысты. Сондай-ақ жас өнерпаздар Париж қаласын аралау барысында көшеде өнер көрсетіп, еуропалық әлеуметтік желі парақшаларының жұлдызына айналды.
Салтанат Тасмамбетова, "Shabyt" хорының жетекшісі:
- Үлкен сахналарда ән шырқағысы келеді біздің студенттер. Осындай бізге мүмкіндік беріп отырған ұйымдастырушыларға үлкен рақметімді айтамын. Тағы келгіміз келеді.
Бекарыс Советқазин, хорға қатысушы:
- Осындай бір керемет концертке қатысуды өміріміздегі үлкен жетістік деп санаймын. Тағы біздің Қазақ ұлттық өнер университетінің мақсаты болды.