Әнші Сүндет Байғожин елордадағы десантшылармен кездесті

Әйгілі әнші Сүндет Байғожин елордадағы десантшылармен кездесті.

Күміс көмей әнші элиталық әскерлердің қызмет ету шарттарымен танысып, оларға әлемдік классика жауһарларын, танымал заманауи хиттерді орындап берді. Сарбаздарға әсіресе "Отан" әнінің шырқалуы ерекше әсер етті. Оның керемет дауысы  жауынгерлердің рухын асқақтатты. Сондай-ақ вокалист ән айтуға қабілеті бар сарбаздармен бірге ән шырқап, бейнероликке түсті.