Ашық аспан астындағы ең үлкен музей салынып жатыр
Астана маңында еліміздегі ең үлкен ашық аспан астындағы музей салынуда.
"Бозоқ" тарихи-мәдени қорығы 412 гектар аумаққа жайғаспақ. Қазір құрылысшылар нысанның қабырғаларын тұрғызып жатыр. МУзейдің екі жағынан биіктігі жеті метрден асатын ағаштар жағалай өседі. Бұл аумақтағы тарихи кешендер, энеолит дәуірінен орта ғасырға дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Көне хан сарайы, ерте ғасырлық тұрғын үй мен керамикалық пештер, ортағасырлық базар сынды экспонаттар болады. Инновациялық жоба елордаға туристерді тартуға сеп болады екен.
Зейнолла Самашев, археолог, тарих ғылымдарының докторы:
- Бұл жалпы әлемдік деңгейде кең тараған құбылыс қой. Мысалы, көрші қытайларымыздың өздерінде Циан қаласында чи шин хуан дейтін комплекс алайық. Солардан кем емес біздің ескерткіштер бар. Сол деңгейде бізде көрсете аламыз. Тек туристер емес енді басқа да іскер адамдар да келеді. Саясатпен шұғылданатын адамдар да келеді. Солардың барлығы, мысалы, бірінші осыны көруге тиіс. Осыны көргеннен кейін бүкіл Қазақстан туралы мағлұматты осы жерден алады.