Астанада жас бишілер өнер көрсетті

Астанда кішкентай бишілер сахнаға шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

30-ға тарта топ бірінен бірі өнерін асырып, мың бұралды. Қазақтың дәстүрлі биімен қоса заманауи түрлері де осы кеште көрінді. Мұндай би мерекесі жылына 2 рет өтіп тұрады, - дейді ұйымдастырушылар. Ең бастысы, көрерменнің де, қазылардың да көңілінен шыққан бұл жиын жас бишілердің де мерейін үстем етті. Өнерлі топтар алғысхатқа ие болды. 

Айнагүл Нұрғазина, «Nomad» би ансамблінің жетекшісі:

- Біз хореография саласындағы алғашқы «Ел таңдауы» номинациясын алдық. Өте қуаныштымыз. Бұл кейінгі 11 жылдағы еңбектің жемісі. Осы 11 жыл ішінде қаншама балаларды жетілдірдік. Бүгін барша ұжым, барша команда өз еңбегінің жемісін көрді деуге болады.