Түркияда «Ұлы Даладан Анадолыға бауырластық сәлемі» концерті өтті
Ұлы даладан Анадолыға бауырластық сәлемі.
Осындай атаумен Түркия астанасында театрландырылған концерт өтті. Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі, халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымның ұйытқысымен өткен шара бауырлас елдің 100 жылдығы мен қазақтың театр және кино актрисасы Бикен Римованың 100 жасқа толуына орайластырылған. Атырау облысынан Нұрғиса Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясы ұжымы анкаралықтарға қазақтың көне дәуірден бастап бүгінге дейінгі тарихын сахналады. Бірінен бірі өткен өнерпаз бүлдіршіндер көрерменнің қошеметіне бөленді.
Тургут Алтынок, Кечиөрен муниципалитеті басшысы:
- Бүгінгі кеште тұрғындарымыз Алтайдан бастап Анадолыға дейінгі мәдениетіміз таныс болды. Осындай шараларды мемлекеттік және үкіметтік емес ұйым деңгейінде әрқашан жалғастыруымыз керек. Сонда ғана арамыздағы 5 мың шақырым қашықтық жақындайды.
Кадир Йылдыз, көрермен:
- Өнерпаздарға алғысымды білдіремін. Ұлттық киімдері, сахналық қойылымдарымен қазақ мәдениетін жоғарғы деңгейде таныстырды. Білмейтін дүниелерім көп екен. Мұншалықты керемет кешті күткен жоқ едім. Бауырластың рухын расында да сезіндім.