Павлордардағы музей қоры құнды жәдігермен толықты
Павлодардың Бұқар Жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің қоры тағы бір құнды жәдігермен толықты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ол – кезінде Мәшһүр Жүсіп Көпеевті суретке түсіруге себепкер болған Аллажар Әбдіразақұлының шапаны. Сырт киім осы уақытқа дейін ұрпақтарының қолында сақталған. Ал Мәшһүр Жүсіптей ғұламаның бейнесі бізге осы Аллажар Әбдіразақұлының қолқа салуымен түскен жалғыз сурет арқылы жетті. Оны 1924 жылы Багаев түсірген екен. Тарихи тұлғаның 165 жылдығына арналған «Бір суреттің тарихы» атты көрмеге сол фото қойылған. Онда Мәшһүр Жүсіп Көпеев, жанында досы Әбдіразақ Дүржанұлы және Аллажар Әбдіразақұлы бейнеленген.
Ербол Қайыров, Бұқар Жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің басшысы:
- Осы Аллажар Әбдіразақұлын, жаңағы Әбдіразақ Дүржанұлының баласы. Сол кісінің өзі баланы жақсы көрген екен. Сол кісінің үгіттеуімен жаңағы Мәшһүр атамыз фотоға түседі. Бірақ соның өзінде де фотоға түскен кезде жаңағы фотоға жаным түсіп кетпесін деп мына қойнына құран салып қойған екен. Мына фотода да ол ағарып көрініп тұр.