Мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесіне гала-концерт өтті

Күмбірлеген күй, әуелеген әуезді ән.

Құлақ құрышын қандыратын көнеден жеткен таныс үн. Қазақы нақыштағы киімдермен музыкалық қойылым ұсынған әртістер. Мәдениет және өнер саласы қызметкелері кәсби мерекелерін осылай қарсы алып жатыр. Елордада өткен  гала-концертке елдің әр өңірінен 200-ге жуық өнерпаз келген. Киелі сахна төрінде 10-ға жуық азамат «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының  бірқатар еңбеккері де марапат төрінен көрінді. 

Ақтоты Райымқұлова, Р.Бағланова атындағы "Қазақконцерт" Мемлекеттік концерттік ұйымының директоры:

- Мәдениет пен өнер – бұл әрбір ұлттың ұлттық коды. Экономика керемет дамыса, егер мәдниет пен өнер дамымаса және оған көңіл бөлінбесе, онда елдегі жастар, азаматтар елімізге тірек бола алмайды. Және еліміздің ел болып қалыптасуы беймәлім.

Мақсат Хасанов, "Отырар сазы" фольклорлық оркестрінің артисі:

- Өзім домбыра арқалап жүргеніме 20 жылдай болған шығар. Одан асты. Домбыраны мақсат еткеннен кейін, нағыз қазақ домбыра дейді ғой. Домбыраны тыңдап өскен, тартып өскен ұрпақ, ол ертең өзінің кім екенін ұмытпайды ешқашан. Жүрегі өзінің елімен болады.