Жезқазғандағы «Степлаг» орыны ашық аспан астындағы музейге айналады
Жезқазғандағы «Степлаг» лагерінің орыны ашық аспан астындағы мұражайға айналады.
Биылдан бастап зұлмат жылдардың куәсіндей болған лагерьдің негізгі ғимараттары қалпына келтіріледі. Реставрация жұмыстарының алғашқы кезеңіне республикалық қазынадан шамамен 60 миллион теңге бөлінді. «Степлагта» өткен ғасырдың 50-жылдары жалған жаламен сотталған 21 мыңнан астам саяси тұтқын жазасын өтеген. Тарихта «Кеңгір көтерілісі» деген атаумен танылған тұтқындар ереуілі де осы лагерьде болған. Қырық күнге жалғасқан көтеріліс әскери техниканың күшімен басылып, қаншама қан төгілген. Азапты мекеннің сақталған бөліктері қазір туристер жиі аялдайтын орынға айналды.
Бақытжан Көпбаев, облыстық тарихи-мәдени мұраларды сақтау орталығының басшысы:
- Бұл 6 бөлімге бөлініп тұр. Ең бірінші абаттандыру және фундаменттерді қалпына келтіру. Шеткі қоршауларын қалпына келтіру деген сияқты мәселелер толығымен қарастырылып отыр. Биыл келтіріп алғаннан кейін келесі жылдан бастап бұл жерді аспан астындағы мұражайға айналдыру бойынша жұмыс жалғасатын болады.