«Алаш заңгерлері» кітабы жарық көрді
XX ғасырдағы қазақ заңгерлерінің өмірі мен қызметі туралы кітап жарық көрді.
"Алаш заңгерлері" атты жұмысын Мәжіліс депутаты, адвокат Абзал Құспан таныстырды. Жинақта Алты Алаш қайраткерлерінің еңбегін үлгі етіп, қазақ даласында заңгерлік саланың қалыптасуы мен дамуы баяндалған. Шара Ішкі істер органдары мен мемлекеттік қызметкерлердің төл мерекесіне орайластырылды. Автордың айтуынша, жаңа жинақ құқық қорғау саласының мамандары арасында үлкен сұранысқа ие болады.
Абзал Құспан, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
- XX ғасыр басындағы заңгерлер туралы бірде бір жинақ, кітап шықпаған екен. Менің барлық саналы ғұмырым осы заң саласында өтіп келе жатыр. Азды-көпті 45 жыл өмір сүрген болсам, бүкіл саналы өмірім заңменен байланысты. Сонда байқаған нәрсем, журналистер көзі ашық дейтін оқыған-тоқығандардың өздері сол замандағы заңгерлердің атқарған істері туралы біле бермейді.