Петропавлда ақындар айтысы басталды. LIVE
Түркі дүниесінің бірегей тұлғасы, Алаш арысы Мағжан Жұмабаевтың дүниеге келгеніне 130 жыл.
Айтулы дата ақынның туған жерінде кең көлемде атылып өтіліп жатыр. Бірнеше күннен бері кездесулер, ғылыми, практикалық конференциялар, поэзия кештері ұйымдастырылды. Ал дәл қазір Петропавлда «Тұранның тұ-ғырлы тұлғасы» атты, халықаралық ақындар айтысы басталды. Оған бес мемлекеттің дүлділдері қатысуда. Шараның бел ортасында аймақтағы тілшіміз Самат Қайырденұлы да жүр. Ол қазір бізбен тікелей байланыста. Сөз бәйгесінде кімдер өнер көрсетіп жатыр?
Самат Қайырденұлы, тілші:
- Түркі әлеміне ортақ тұлға Мағжан Жұмабаевтың дүниеге келгеніне 130 жыл. Осыған орай Солтүстік Қазақстан облысында түрлі шаралар өтуде. Бүгін таңсәріден жұртшылық оның ескірткішке гүл шоқтарын қойып, ақынның рухына тағзым етті. Шараға зиялы қауым өкілдері, Мағжанның туған-туыстары және кейінгі толқын жастар қатысты. Бұдан соң оқушылар сарайында халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Келелі жиында ақынның өмірі, шығармашылығы жайында кеңінен сөз қозғалды. Ал қазір біз тұрған облыстық қазақ сазды- драма театрында аламан айтыс қыза түсті. Сөз бәйгесіне елімізге танымал ақындардан бөлек Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан және Моңғолия елдерінен де айтыскерлер қатысып, өз өнерлерін көрсетіп жатыр. Айтулы шараға арнайы келгендермен де тілдесп үлгірдік.
Нұрсұлтан Малдыбаев, айтыскер ақын /Қырғызстан/:
- Мен үшін өзгеше өтіп жатқан айтыстардың бірі деп ойлаймын. Өйткені Алатаудың арғы жағынан келіп жатырмыз ғой. Құдай бұйыртса, халықаралық ақындар айтысы болғаннан кейін қырғыз елінің үмітін арқалап келіп тұрмын. 7 миллион қырғыз сәлемін айтып, Мағжанның еліне сәлемін айтып жіберді. Бұл айтыстың жауапкершілігі де жоғары. Құдай бұйырса дайындық қолдан келгенше. Өзіміз мына Мәскеу жақтан айтыстан келе жатқан жайымыз бар. Сондықтан жақсы дайындық бар. Барлығы жақсы өтеді деген сенімдеміз.
Самат Қайырденұлы, тілші:
- Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызының 130 жылдығы өңірде жыл басынан аталып өтілуде. Осыған дейін түрлі мүшайралар, поэзия кештері де ұйымдастырылды. Енді болашақта болатын іс-шаралар қанлай ? Оны облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысынан сұрап білейік. Қазір менің жанымда Досбол Әбдірісов тұр. Досбол мырза, бүгінгі айтыстық ерекшелігі неде? Және алдағы жоспарлармен бөлісіп кетсеңіз?
Досбол Әбдірісов, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы:
Самат Қайырденұлы, тілші:
- Ал мен сөз соңында айта кетейін, бүгінгі айтыста оза шапқан ақынға темір тұлпар табысталатын болады.