Астанадағы Достық үйінде жас домбырашылар әннен шашу шашты
Олардың қатарында ерекше қамқорлыққа мұқтаж өрендер де бар.
Бүгін жас домбырашылар достық үйінде бас қосып, ән мен күйден шашу шашты. Биыл бас қаладағы Достық үйіне 5 жыл, елімізде домбыра күні тойланып келе жатқанына да 5 жыл. Жас домбырашылар осы қос мерекеде өз өнерлерін көрсетіп, көпшіліктің ықыласына бөленді.
Дәурен Бабамұратов, Астана қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы:
- Бүгінгі таңда Астана қаласында 10 мыңнан аса бүлдіршініміз домбырада ойнайды. Шығармашылық коллективтерде, ұжымдарда. Бұл бір жағынан жетістік. Әрі қарай да мұның көбейгенін қалаймыз. Себебі домбыра біздің ұлттық болмысымыз.