Астанада сексенге жуық ақын-жазушы марапатталды
"Астана - шабыт арқауы". Елорданың 25 жылдық мерейтойы аясында бүгін осындай атаумен мәдени іс-шара өтті.
Қаламгерлер аллеясындағы тағылымды шарада елордалық ақын-жазушылар бас қосты. Мақсат - бас қаланың рухани келбетін, әлем алдындағы беделін қалыптастыруда талмай еңбек етіп жүрген қаламгерлерге қолдау көрсету, шығармаларын оқырманға кеңінен насихаттау. Қазақстан Жазушылар одағы мен Астана қаласының мәдениет басқармасы 80-ге тарта ақын-жазушыны марапаттап, ақшалай сертификат табыстады. Бүгінде Астанада Қазақстан Жазушылар Одағының 160-тан астам мүшесі тұрады.
Алтыншаш Жағанова, жазушы-драматург:
- Жазушы деген ол қасиеті үлкен. Біздің халқымыздың рухани байлығы. Ол байлықтан айырылуға болмайды. Бұл шара – жаңа шара. Бұны жиі өткізу керек. Жиі жинау керек.