«Бітпейтін той» фильмі көрерменге жол тартты
Алматыда «Бітпейтін той» деп аталатын фильм жарыққа шықты.
Жаңа туынды комедиялық жанрда түсірілген. Онда отбасылық құндылық, адал достық, махаббат сияқты адам бойындағы игі қасиеттер көрініс тапқан. Фильмнің тұсаукесері «Kinopark 11 IMAX Esentai» кинотеатрында өтті.
Тамерлан мен Бегімай үйлену тойларын ерекше етіп өткізгісі келеді. Ұйымдастыру жағын Тамерлан досы Мұхамеджанға сеніп тапсырады. Ал оның үнемі ойын-сауықтан қолы босамайды. Осы уақытқа дейін ештеңеге жауапкершілікпен қарап көрген емес. Той екі жастың ойлағанындай болмайды. Фильм қатесін түсініп, соны түзеуге ұмтылған досының басынан кешкен оқиғасына құрылған. Ол дәл сол күн қайталанып жатқандай күй кешеді.
Еркебұлан Тоқтар, актер:
- Бір күн қайталана береді. Тойдың күні қайталанды. Сонымен ерекше. Ондай фильм түсірілген жоқ. Сондықтан аудиторияға жақсы түсіп жатырмыз деп ойлаймын. Тойдың темасы, біріншіден. Екіншіден, бізде болмаған тақырыптар.
Фильмге басты рольді ойнаған Еркебұлан Тоқтармен бірге Артур Төлепов, Дина Тасболатова, Айжұлдыз Адайбекова түскен. Олар түсірілім алаңы жеңіл, әрі тамаша атмосфераға толы болды, дейді.
Артур Төлепов, актер:
- Сол той-томалақта жүргеннен кейін өзіміз көріп жүрген сол тостар, тойдағы ата-әжелер, тойдағы билер соның бәрін көріп жүргеннен кейін біздің қанымызға сіңген ғой, автоматты түрде ойнап кеттім деп айта алам.
Айжұлдыз Адайбекова, актриса:
- Кез келген роль бәрібір адамды жаңа дәрежеге, жаңа бір нәтижеге алып келеді. Мен үшін челлендж болды. Халық өзі бағасын береді деп ойлаймын. Қанша пайыз ойнадым. Бірақ менің ойымша барлығы да жақсы болады.
Кино Tiger Films продюсерлік орталығының бастамасымен түсірілді. Режиссері Дархан Сәркенов. Жаңа отандық туынды 27 шілдеден бастап үлкен экранға шығады.
Қарлығаш Қайыпбекова, Валентин Лобанов