Райымбек ауданында әйгілі Аламан биге арналған конференция өтті
Алматы облысының Райымбек ауданында елге аты кеңінен танылған Аламан би Мәмбетұлына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Бүгінде ұрпағы бір рулы елге айналған тұлғаның өмірі осы күнге дейін ғылыми түрде зерттелмеген. Алматы облысында Аламан асуы, Аламан тауы және Аламан сайы деген тарихи жер атаулары бар. Алғашқы деректер бойынша Аламан би 17-18 ғасырларда Жетісу өңірін мекендеген. Жаугершілік заманда өмір сүрген батыр ел ағасы болған кезде рулар татулығын сақтаған, ауызы дуалы би болыпты. Ұрпақтан ұрпаққа жеткен аңыз әңгімелерді ғылыми түрде зерттеу жұмысы басталды. Аламан би туралы көршілес Ресей мен Қытай деректеріне да сұрау салыныпты.
Шәмек Тілеубаев, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты директорының орынбасары:
- Аламан би бабамызға байланысты ел арасында сақталған аңыз-әңгімелердің қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс, қайсысы тарихи кезеңге сай келеді. Туған жылына байланысты оның өскен ортасына байланысты, оның әулетіне байланысты оның ұрпақтарына байланысты біз болашақ уақытта зерттеулер жүргізуіміз керек. Және де оларды өз деңгейінде насихаттауымыз керек.