Абайға арналған челлендж қатысушылары белсенділік танытты

Әнші Димаш Құдайбергеннің Абайдың туған күніне арнап жариялаған челленджін әлемнің түкпір-түкпірінде тұратын өлеңсүйер қауым іліп әкетті. 

Кешеден бері түрлі ұлт өкілдері ұлы ойшылдың поэзиясынан үзінді оқып жарысуда. Әлеуметтік желіде AbayChallenge хештегімен жарияланған бейнежазбаларды біз де шолып өттік. Отандастарымызбен қатар Испания, Италия, Эстония, Аргентина елдерінің тұрғындары ұлы ақынның өлеңдерін өз тілдерінде оқыды.