Шымкенттегі тарихи кешенге шетелден келушілер көп. LIVE
Шымкенттің көне тарихынан сыр шертетін мәдени кешенге келушілер екі есеге көбейді.
Жыл басынан бері ескі қалашықты тамашалауға 40 мыңнан аса турист келген. Ашық аспан астындағы кешенге Ресей, Түркия, Өзбекстан мен Қытай, Үндістан және Америка мемлекеттерінен саяхатшылар табан тіреген.
Олар қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін танып, қолданбалы құнды жәдігерлерді көруге құмар.
Нұрсұлтан Мұхамеджан, тілші:
- Археологтардың айтуынша, Шымкенттің 2200 жылдық тарихын айғақтайтын «ShymQala» тарихи-мәдени кешені кімді де болсын қызықтырмай қоймайды. Өйткені 4,5 гектар аумақты алып жатқан кешен Шахристан мен Цитадель аймағы қайта қалпына келтіріліп, орта ғасырлық құнды жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылған.
Сондықтан да салалық саяхат шетелдік туристерді де қызықтырды. Италиядан келген Сара мен Андреа бүгін еліміздің дәстүрлі мәдениетін әлеуметтік желі арқылы насихаттауға осында арнайы ат басын бұрды. Әлеуметтік желі қолданушалары арқылы мыңдаған оқырманға Алматы және Шымкент қалаларынан ақпар таратып жүр. Мұнда көпшілікті қызықтыратын азық түлік, қару-жарақ, зеңбірек пен оқ-дәрі сақтайтын қоймалар бар. Сондай-ақ әскербасылардың жұмыс үстелі, тұрмыста қолданылған заттарын тамашалауға болады. Айта кетейік, «Ескі қалашықта» өткен ғасырдың 50-жылдарынан бастап қазба жұмыстары жүргізілген. Ал екі мыңыншы жылдардың басында бұл жерге археологтардың қызығушылығы артып, қазба жұмыстарының ауқымы өсті. Нәтижесінде ғылыми дәлелдемелер шаһар тарихының тым әріде жатқанын айғақтап берді.
Сара Балделли, турист (Италия):
- Менің алғашқы әсерім - Шымкент қаласы өте әдемі. Қазақстанда өте мейірімді адамдар тұрады екен. Мұнда өзімізді қауіпсіз сезініп жатырмыз. Бір аптаның ішінде шаһарды шарлап, барлық көрікті жерлерді көргіміз келеді.
Тарихи-мәдени кешен қызметкерлері шаһарға тиесілі ғылыми құндылықтарды насихаттауда экскурсиялық қызметті жетілдірді. Олар келушілерге қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде ағартушылық жасайды.
Мадина Кенжеқұлова "Shymqala" тарихи-мәдени кешенінің директоры:
Нұрсұлтан Мұхамеджан, тілші:
- «Шымқала» тарихи-мәдени кешені көне шаһардың туризм тынысын ашуға бірден-бір сеп болды. Ал келер жылы кешен аумағы тағы 1,5 гектарға ұлғайтылмақ. Өйткені Рабат кезеңіне тиесілі жерлер әліде зерттеу мен ғылыми ізденістерді сұранып тұр.