Қазақтың тазысы Женевадағы жарыста жеңімпаз атанды

Қазақтың тазысы Женевада өткен World Dog Show -2023 әлем чемпионатында топ жарды.

Танылмаған тұқымдар тобында қазақстандық 2 ит үздік деп танылды. Халықаралық кинология федерациясы ұйымдастырған жарысқа еліміздің атынан Тұмар мен Вангелия есімді төрт аяқтылар қатысқан болатын. Ал жуырда Қазақстанның кинологтар қауымдастығы осы FCI (Эф-Си-Ай) ұйымының толыққанды мүшесі атанған. Бұл өз кезегінде тазы мен төбеттерге халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысуға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, бұл жаһандық жарысқа 20 мыңнан астам ит қатысқан болатын.