Жазушы Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл толды
Биыл белгілі жазушы журналист, драмматург, Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл.
Қаламгердің мерейтойы туған өлкесі Шығыс Қазақстандағы Қатон-Қарағай ауданында дүркіреп өтті. Сквер ашылып,талай жыл жабық тұрған мұражай үйі қайтадан қолданысқа берілді. Көркем сөз шебері туралы кітап жарыққа шықты.
Эльмира Ахметова, тілші:
- Қатон-Қарағай. Оралхан Бөкейдің туған өлкесі.Жазушының 80 жылдық мерейтойы да мінеки осы біз тұрған Қатонқарағай ауылында басталды.
Мұнда Оралхан Бөкейдің мүсіні тұрған жердегі сквер қайта жаңартылып ашылды. Салтанатты шараға Оралхан Бөкейдің туыстары, , қаламгердің көзінкөрген, ізін басып келе жатқан бір топ зиялы қауым өкілдері қатысты.Жазушы-журналистің рухына тағзым етті.
Ал ең негізгі шаралардың шоқтығы суреткердің туған ауылы Шыңғыстайда өтіп жатыр. Мұнда қаламгердің өскен үйі тұр.
Осы бір аядай шаңырақта Оралхан Бөкейдің балалық шағы өтті. Өмірден өткен соң ол мұражайға айналған еді,алайда он жыл бойы жабық тұрды.Енді мінеки Оралхан Бөкейдің қарындасы Ғалия Бөкей мен аудан әкімдігі бірлесіп мұражайды қайтадан іске қосты. Көне үй қайта жаңғырды.Енді бұл мұражай облыс қарамағында болады.
Ғалия Бөкей, О. Бөкейдің қарындасы:
- Әлиханның үйі де, небір керемет ұлылардың үйі бұзылып қалып жатыр. Сол мына үй осы деңгейде облыстық деңгейге өтіп отырғаны менің алдыма қойған мақсатымның орындалғаны.
Ділдар Қалиқан, Қатон-Қарағай ауданының әкімі:
- Биылғы жылдың аяғына дейін ол біздің баланста тұрады. Келесі 2024 басында құжат рәсімдейміз. Бәрі аяқталғаннан кейін бұл облыстық балансқа өтетін болады.
Аманжан Нұқсара Оралхан Бөкейдің үзеңгілес досы.Сырласы.Талай жыл жазушының тұрған үйін қарап,күтіп келді.Оның ұзақ уақыт жабық тұрғананына жабырқап жүрген қария бүгін ерекше қуанышты.
Аманжан Нұқсара, жазушының досы:
- Ақ түйенің қарыны жарылған бүгінгі күн 30 жыл күткен Оралханның музейі өз деңгейінде ашылып жатыр. Осыған қатты ризамыз. Қуаныштымыз, қолымыз жетпей жүрген.
Эльмира Ахметова, тілші:
- Үй алдында жазушы бюсті қайта жөнделіп қойылды. Дәл осы жерде заңғар жазушының 80 жылдығына арналған "Шолпандай таң алдында туып батты..." атты кітаптың тұсаукесері өтті. Онда суреткердің шығармашылық жолынан хабар беретін естеліктер жинақталған.Шерхан Мұртаза бастаған дүлділ жазушылардың пікірлері бар. Оралхан тауға қарап өскен тау тұлғалы қаламгер. Қайдасың қасқа құлыным, Атау кере, Біздің жақта қыс ұзақ, «Кербұғы» сынды бірнеше туындылардың авторы. Жазушы кейіпкерді алыстан іздемеген. Өз үйін, көршілерін, ауылдастарын туған өлкесінің табиғатын, аң құсын әңгімелеріне арқау етті. Сонысымен де тартымды. Тілінің көркемдігін, ойының ұшқырлығын әріптестері ғана емес, шетел оқырмандары да әлдеқашан мойындаған. Шығармалары бірнеше тілге аударылан.
Тоқтарбек Мағзұмов, жазушы, О.Бөкейдің жиені:
- Пьесаларын қойып жатыр. Оны ана орталықтағы театрлар қояды. Бірақ сол театрларда алып кеп, сол көпшілік қауымға көрсетсе. Алдыңғы ұрпаққа жиі айтып отырса, талдап отырса ол үлкен бір ғанибет.
Керемет шаралардың бірі осында "Төр Алтай бояулары" атты суретшілер пленер көрмесімен жалғасты. Қылқалам шеберлері Қатон-Қарағайдың тылсым табиғатын бейнеледі. Сонымен қатар мінеки ақшаңқан үйлер тігіліп,ойдағы елмен қырдағы елдің басы қосылды. Оралхан Бөкейдің 80 жылдық мерейтойы осымен бітпейді. Алматы, Астана қаласында жалғасады.
Э. Ахметова, Ж. Бабаханов