Қазақ өнерпаздары халықаралық марапатқа ие болды
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов ТМД елдерінің «Достастық жұлдызы» сыйлығын иеленді.
Гуманитарлық салада ерен еңбегі үшін берілетін мемлекетаралық сыйлықты табыстау рәсімі Бішкекте өтті.
8 елден 16 үміткер қатысып, мықтыны анықтады. Тағы бір отандасымыз Бабыр Арғынов «Дебюттер достастығы» атауы бойынша марапатқа ие болды. Қазақ Ұлттық өнер университетінің мұғалімі ұлттық шекті аспаптарды жасаумен айналысады.
Азамат Жылтыркөзов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
- Мен бұл сыйлықпен екінші мәрте марапатталып тұрғаныма өте қуаныштымын. Алғаш рет 2016 жылы осы Бішкекте жастарға арналаған «Дебюттер достастығы» сыйлығын иеленген едім. Міне енді араға 8-9 жыл салып, мемлекетаралық «Достастық жұлдыздарының» иегері атандым.