Оралда келіндер сайысқа түсті
«Ұмыт қалған ұлттық тағам».
Оралда өткен «Жас келін» байқауының тақырыбы бұл. Аймақтық сайысқа Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарынан 13 үміткер қатысып, ұлттық асхананың құпиясымен бөлісті. Жаңа-өзеннен келген Бақыт-гүл Нұрланова, Өрметөс, үлпершек, жаужүрек секілді үш тағам дайындапты. Алғашқысы күйеу балаға берілетін екі қанаты ішекпен өрген төс болса, ішіне май мен ет салып тігілген сиырдың жүрегі – үлпершек. Оны төркіндеп келген қызына сағынышын білдіру үшін анасы пісірген. Ал бауырдан жасалатын жау-жүрек жорыққа, не аңға шыққандардың асы. Байқауға қатысушылар осындай жең-сік тағамдарды, қазылар алқасына ұсынып қана қоймай, оның тарихымен де таныстырды. Облыстық халық шығарма-шылығы орталығы ұйымдастырған, байқау жеңімпаздары, бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Мөлдір Ізғалиева, байқауға қатысушы:
- Ұмытылып бара жатқан өкпесүт деп аталады. Ол өкпені кеңірдегінен сүт құйып, суға емес, сүтке пісіреді. Ренжісіп жүрген ағайын-тумаңыз болса, татуластыру үшін үйге шақырып, осындай өкпе сүт пісірген екен. Оны да көбі біле бермейді. Этнографтар тамақты зерттей келе осындай қорытындыға келіп, шығарып жатыр.
Мәулет Жұбатов, облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры:
- Біздің ұмытылып бара жатқан дүниелеріміз бар ғой. Соның бәрін жаңғырту мақсатында. Жаңа маңғыстаулық сайысқа қатысушы әдемі көрініс көрсетіп жатыр. Жалпы келіндерге ұлағат. Маңғыстаулық келіндер біздің Оралға ұмытылып бара жатқан тағамдарды үйретсе, біздің оралдық келіндер ақтөбелік келіндерге білген-түйгенін үйретіп отырса, соның өзі бір жақсы дүние деп ойлаймын.