Елордада «ASTAUfest» халықаралық фестивалі өтіп жатыр
Елордада бірегей аспаздық идеялар дәріптелетін «ASTAUfest» халықаралық фестивалі өтіп жатыр.
Жиынға Өзбекстан, Түркия, Ресей, Қырғызстан елдерінен аспазшылар келді. Фестиваль аясында әр елдің тағамдарын дайындаудан арнайы шеберлік сыныптарын ұйымдастырылды. Колледж студенттері ұлттық асханамыздағы ұмытылып бара жатқан тағам түрлерін, сондай-ақ корей елінің тағамдарын да дайындады. Фестиваль ертең аяқталады. Үздік өнер көрсеткендер арнайы сертификаттармен марапатталады.
Райгүл Көбегенова, колледж әдіскері:
- 5 мемлекеттен 32 команда және 132 қатысушы қатысып отыр. Түркияның Анталиядағы тамақтандыру институтымен, Кореяның тамақтандыру институтымен бірнеше меморандумдарға қол қойғанбыз. Мақсаты аспаз, кондитер, наубайшы және қызмет көрсету саласындағы бүкіл мамандықтарды насихаттау. Шеберлік сыныптары арқылы тәжірбие алмасу, біздің студенттерімізді шетелге шығару. Сол жақтан тағылымдамалардан өткізу.