Мәшһүр-Жүсіптің әулиелігімен таныстыратын көрме ұйымдастырылды
Павлодар облысының музейлері «Бабалар мұрасы» атты көрме ұйымдастырып жатыр.
Басты мақсат жұртшылыққа ұлттың, ұлы тұлғаларының өмірі мен мол мұрасын таныстыру. Алғашқы көшпелі шара тарихшы, философ, ақын-жазушы Мәшһүр-Жүсіп Көпеевке арналды. Көрмеге құнды жәдігерлер мен латын қарпінде жазылған қолжазбалар қойылды. Бұл заттарды музей қорына, ұлы тұлғаның ұрпақтары тапсырған. Мамандардың айтуынша, ең бағалы экспонаттардың бірі- Мәшһүр Жүсіптің оқулық салуға арналған қоржыны мен, құран кітабы. Жәдігерлердің барлығы түпнұсқа күйінде сақталған.
Әсет Пазылов Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің шөбересі:
- Мәшһүр-Жүсіпті те ғана ғалым, жазушы ретінде танып отырмыз. Ал әулиелігі тыс қалып тұр. Сондықтан да атамыздың қолы тигізген заттары арқылы біз бүгінгі таңда Мәшһүр-Жүсіптің ғұмырнамасы мен әулиелігін таныстыра аламыз.