Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған халықаралық айтыс өтіп жатыр

Атырауда Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған халықаралық айтыс өтіп жатыр.

«Ерлігі ерен ер бабам» атты айтулы додаға елімізге белгілі ақындар мен Қырғызстан және Моңғолиядан келген сөз зергерлері қатысады. Айтысқа Жазушылар Одағының Төрағасы Мереке Құлкенов бастаған әділ қазылар алқасы төрелік етеді. 14 ақынның ішінен оза шыққандары ертең финалдық кезеңде бақтарын сынайды. Атырау топырағында туып, Мысырда хандық құрған Бейбарыс Сұлтанның 800 жылдығына арналған апталықта республикалық суретшілер симпозиумы көрмесінің де ашылуы өтеді.

Әбіл Жоламанов, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы:

- Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Бұл конференция негізінен "Бейбарысқа байланысты ғылымда пайда болған жаңа деректер" тақырыбы. Өздерінің ойларында жүрген болмаса ізденіп жүрген мәселелерін ойталқыға салуға осы конференцияға Египет елінен төрт ғалым келді. Ресей елінен 2 ғалым және көршілеч Өзбекстан елінен және өзіміздің Қазақстандық ғалымдар қатысып, жақсы келелі кеңес құрды.