АҚШ-пен музыкалық білім саласындағы ынтымақтастық талқыланды
Қазақ Ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева АҚШ-тың бірнеше қаласына барды.
Әйгілі скрипкашы Сенатор Том Тиллистің кеңсесінде "Музыкалық дипломатия арқылы бейбітшілік" заңы авторларымен және бірқатар университет басшыларымен кездесті. Тараптар халықаралық бағдарлама аясында өзара алмасу бойынша стратегиялық жоспарды талқылады. Кездесу соңында виртуоз скрипкашы 1792 жылғы Страдивариде ойнап, жиналған қауымның қошеметіне бөленді. Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсаходжаева келер аптада Нью-Йорктегі Карнеги Холлда концерт береді. Ол фортепианода Грэмми номинациясына ие болған америкалық композитор Лоуэлл Либерманмен бірге өнер көрсетеді.
Айман Мұсақожаева, ҚР Халық артисі:
«Бірқатар кездесулер өткізіп, онда білім беру саласындағы өзара ынтымақтастық мүмкіндігін талқыладық. Өйткені президент Қазақстанда шет елдік үздік университеттердің филиалдарын ашу жөнінде тапсырма берген. Сондай-ақ шет елдерде біздің жоғары оқу орындарының да филиалдарын ашу міндеті тұр. Осы бағыттағы жұмыстарды талқыладық. Біз Американың Католик университетімен өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойып, осында колледжге дейінгі білім беру бөлімін ашу мәселесін қарастырып жатырмыз».