Р. Райымқұловтың «Жасыл белес» кітабы түрік тілінде жарық көрді
Белгілі жазушы Рахметолла Райымқұловтың "Жасыл белес" кітабы түрік тілінде жарық көрді.
ТҮРКСОЙ ұйымы мен Еуразия жазушылар одағы қолдаған жоба қоғам қайраткерінің 110 жылдығына орайластырылды. Алқалы жиынға түркі елдерінің ғалымдары, қоғам қайраткерлері мен оқырмандар қатысып, Райымқұлов пен оның шығармашылығын сөз етті. Шара соңында "Тұран" тобының концерттік қойылымы өтті.
Ақтоты Райымқұлова, "Қазақконцерт" концерттік ұйымының директоры, қызы:
- Әкемнің өмір бойы жинаған тәжірибесі мен әдебиетке өзінің өмірлік көзқарасын осы роман арқылы жеткізетін болады. Ең алдымен жастарды отансүйгіштікке, табиғатты сақтауға экологиялық проблемалардың қалай шешілуін жазғанда, сол өзінің көзқарасын, жалпы еліміздің болашағы жайлы өз ойларын жазған. Сол уақыттағы ең жақсы және сүйіп оқылатын еңбектерінің бірі. Сондықтан, осы түркі тілдес халықтарының жастарына, адамдарына кітапты өзім қуанышты болып тұрмын.