Алматыда ұстаздар күніне «MŪGALIM» спектаклі сахналанды

Ұстаздардың қоғамдағы орыны қандай?

Олардың мәртебесін көтеруге қалай үлес қосуға болады?  Оған қоса ата-ана  баласын қалай тәрбиелеп жатыр? Осы сұрақтардың жауабын жаңа қойылымынан табуға болады. Алматыда ұстаздар күніне орай «MŪGALIM» спектаклі сахналанды. Қойылымды JOL театры көпшілік назарына ұсынды. Еске сала кетейік, бұл мәдениет ошағы биыл наурыз айында жаңадан ашылған. Екінші маусымды «MŪGALIM» спектаклімен ашты. Қойылым жас драматург Қолғанат Мұраттың пьесасының негізінде сахналанған. Онда ата-ана мен бала арасындағы шиеленіс, мұғалім мен оқушы арасындағы түсініспеушілік сияқты мәселер көрініс табады. Осы театрдың негізін салушы Данияр Базарқұловтың айтуынша, бұл тақырыпты қозғауға мұғалім мәртебесін көтеру мәселесі түрткі болған.

Данияр Базарқұлов, JOL театрының көркемдік жетекшісі:

- Спектакльде кәсіби актерлер ойнайды. Бірақ барлығы жастардан құралған. Көбісі енді жан-жақтан жиналган. Өнер академиясы бар, Жүргенев Академиясы жаңа айтып жатқан. «Шабыт» академиясынан. Жүсіпбек Елебеков, Темірбек Жүргенев мектеп-интернатының бітірген түлектер. Тандаумен реттеумен кастингтен өткен. Кейбірі  4 курстың студенттері, кейбірі  3 курстың студенттері. 12 адам ойнайды.