Сәкен Сейфуллиннің туған күніне орай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
15 қазан қазақ әдебиетінің негізін құраушы, үш бәйтеректің бірі Сәкен Сейфуллиннің дүниеге келген күні.
Қаламгердің 129 жылдығына орай Сәкен ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Шараға жиналған жұрт ақын жайлы жылы естеліктерді еске алды. Сондай-ақ қазақ еліне қосқан зор үлесін атап өтіп, рухына тағзым етті.
Марат Әбсемет, С.Сейфуллин атындағы музей директорының орынбасары:
- Астана қаласы, бұрынғы Ақмола қаласы Сәкеннің қаласы. Бұл Сәкеннің өскен қаласы. Сәкеннің қазаққа қандай жақындығын қайда барса Сәкен біздікі дейді. Мәселен, Қазақстандағы Сәкен атындағы ең көп мектеп Шымкентте екен. Оралға барсаңыз Сәкен Оралдікі дейді. Көкшетаулықтар Сәкен Көкшетаудікі дейді. Сәкен Алашқа да, қазақ халқына да ортақ үлкен азамат.
Гүлназия Ибраева, сәкентанушы:
- Келесі жылы Сәкен Сейфуллинге 130 жыл. Осыған орай үлкен шаралар жоспарлануда. Тек қала деңгейінде емес, республика деңгейінде және Түркия елінде де конференция ұйымдастырғалы отырмыз. Жеке музейдің атынан 3 кітап шығару жоспарланып отыр. Және жер жерлерде Сәкен мұрасын зерттеуге байланысты кездесулер ұйымдастырылады.