«Келінжан-2» комедиясы 19 қазан күні прокатқа шығады
«Келінжан-2» комедиясы экранға шығады.
Көпшілікке танымал кинотуынды еліміздегі кинотеатрлардан 19 қазаннан бастап көрсетіле бастайды. Продюсер Гүлнұр Мамасарипованың айтуынша сценарийде қызықты оқиғалар көп, тіпті алдыңғы түсірілген бірінші фильмнен де ерекше шыққан. Жалпы сериал ретінде 2018 жылдан бастап «Хабар» арнасынан көрсетілген болатын. Бүгінгі күні 126 сериясы көрерменге жол тартты.
Гүлнұр Мамасарипова, «Келінжан» фильмінің бас продюсері:
- Жалпы дәстүрден таймай, "Келінжан" тек қана арзан күлкі емес, айтары бар дүние болды. Қазіргі заманымыздағы ең басты құндылық отбасы ғой. Бұл жолы да сол отбасыға басымдық берілді. Биылғы «Келінжан-2» Айсараның еншісіне тиіпті. Басты кейіпкер Айсара деуге болады. Негізі олай болғанын монтаждаған кезде бірақ көрдік.
Жайна Сламбекқызы, «Хабар» телеарнасының директоры:
- «Келінжан» сериалының биыл 5 маусымын көрсеттік. Осының өзі бұл сериалдың қандай екенін көрсетсе керек. Менің білуімше, отандық телесериал нарығында былай 5 маусым түсірілген сериал жоқ. Бұл "Келінжан-2" де ешқандайда сериалдың жалғасы немесе бір соның жиынтық, жақсы кесінділерін жинаған жиынтық дүние емес. Кәдімгідей толыққанды дүние.