Алматыда «Байтақ елім, Қазақстан!» концерті өтті
Алматыда Республика күніне орай «Байтақ елім, Қазақстан!» мерекелік концерті өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Алатау дәстүрлі өнер театрында ұйымдастырылған патриоттық кеш сахнаға мемлекеттік туды көтеруден басталды. Өнерпаздар көрермен қауымға музыкалық композиция ұсынып, күй тартыс жасап, әннен шашу шашты. Концертке қаланың қоғамдық өміріне белсенді араласып жүрген Алатау ауданының ақсақалдары да шақырылды.
Бүгінде ауданда 35 ардагерлер үйі жұмыс істейді. Олар жастардың тәрбиесіне атсалысып, кейбір әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесіп жүр. Республика күні қарсаңында бірқатары алғыс хаттармен марапатталды.
Сағатулла Таубалды, Алатау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
- Біздің Алматыда бір ай қарттар айлығы – қазан айы. Соған біз көп іс-шара өткізіп жатырмыз. Спорт жарыстарын, өнер жарысы бар, сосын үлкен ақсақалдар, әр бастауыш ардагер ұйымдары демеушілерді тауып. Бізде ардагерлердің ішінде қоғамдық жұмысқа қатысқан, спортқа, өнерге белсенді адамдардың бесеуін әкімнің алғыс хатына беріп отырмыз.