Мерекелік шаралар Көктөбеде «Жасай бер мәңгі, Қазақстаным!» концертіне ұласты

Мерекелік шаралар Көктөбеде «Жасай бер мәңгі, Қазақстаным!» концертіне ұласты

Алматыда Республика күні мерекесі қалыптасқан дәстүр бойынша Мемлекеттік туды көтерумен басталды.

Тәуелсіздік тарихында Алматының орыны ерекше. 33 жыл бұрын егемендік туралы декларация дәл осы қалада қабылданып, тәуелсіздікке алғашқы қадам жасалды. Мерекелік шаралар реті Көктөбеде «Жасай бер мәңгі, Қазақстаным!» концертіне ұласты. Мұнда жиналған жұртшылыққа «Алматы әуендері » ұжымы өз өнерін ұсынды. Эстрада жұлдыздары патриоттық әндер орындап, көпшіліктің ықыласына бөленді. Бұдан бөлек, қолөнер мен  фотосуреттер көрмесі, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі, спорттық турнирлер, зияткерлік ойындар ұйымдастырылды.

Ғазизхан Шекербек, әнші:

- Бұл мерекенің орыны мен үшін өте маңызды. Себебі бұл түсіне білген адамға мемлекетіміздің ең басты мейрамы республика күні. Мұны бұрынғы хандарымыздан бастап, алашымыздың арыстары осы республика боламыз деп арпалысып, жандарын берген. Қазір тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Елімізде аспанымыз ашық. Тойымызды тойлап жатқан күндерді бағалаймын. 

Саламат Дүкенбай, студент:

- Баршаңызды республика күнімен құттықтаймын. Елімізге тыныштық құт-береке тілеймін. Дәл осындай Тәуелсіз әрі берекелі мемлекетте тұрып жатқаныма өте қуаныштымын.