Қоғам қайраткері Әділ Ахметовтің қос жаңа кітабы жарық көрді

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Әділ Ахметовтың жаңа туындылары жарық көрді.

«Жаһанданған әлемнің геосаяси келбеті» және «Викингтердің ізімен» кітаптарының тұсауы кесілді. Бұл жинақтар ғалымның ұзақ жылдар бойы тынымсыз зерттеуінің жемісі.

Еңбекте жаһандық геосаясаттың бүгінгі болмыс бітімі, көш басында тұрған Американың жағдайы, Қытай мен Еуропа, Сингапурдың жағдайы туралы пайымдамалар бар.

Әділ Ахметов, қоғам қайраткері:

- Жаңағы кітапқа енген әрбір тарау бір-бір сараптамасы. Ол кімге керек? Ол біздің халықаралық қатынастармен айналысатын Сыртқы істер министрлігінде істейтін азаматтарға, билік бұтағында отырған азаматтарға, жоғарғы оқу орнының халықаралық қатынастар жөніндегі магистранттар мен доктаранттарға. Бұл үлкен сараптамалық дүние.