Қажымұқан қанжары табылды
Қажымұқан Мұңайтпасұлының қанжары табылды. Қару 100 жылдан бері жеке адамдардың қолында жүрген.
Тарихи жәдігер бүгін Ұлттық музей қорына табысталды.
Бұл – арабтың жамбия деп аталатын қаруы. Қанжар даңқты балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлына тиесілі көрінеді. Оған бұл қаруды заманында Стамбул қаласының әкімі Шағыр паша сыйға тартқан екен.
Қазақ балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының қанжары елге оралды. Тарихи жәдігер қазір қолымда тұр. Назар салсаңыздар, қанжарда аранайы естелік сөз жазылған. Мұнда араб және көне түрік-осман тілінде «Күшті, жеңілмейтін Мұңайтпасов Мұқанға» деп жазылған. Екінші бетінде, «Бізден, қажылықтан естелік, Шағыр паша, 1330 жыл» деп жазылған.
Түрік азаматының қазақ палуанына араб қанжарын беруінің де өзіндік себебі бар. Мұқан белдесулерінің бірінде Нуруллах есімді түрік балуанын жеңеді. Оған риза болған Стамбул әкімі Қажымұқанға құрмет көрсетеді. Тіпті бірге қажылық жасауға шақырған екен. Қанжар – сол сапардың естелік сыйлығы. Бұл жайлы жәдігерді тапқан – Ардақ Назаров айтты.
Ардақ Назаров, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
- Осы қанжар маған көрсетілді. Содан кейін белгілі бір адамдарға сатылайын деп жатқан жірінен, қолды болып кетейін деп жатқан жерінен мен айттым жоқ бұл қазақ еліне келгеннен кейін музейде тұруы керек. Оны біздің ұрпақтарымыз көру керек. Және ол тарихи жәдігер елге қайту керек, ол – хылықтыкі.
Ғалымдар джамбияны 111 жыл бұрын Иемен шеберлері жасады –дейді. Оған қанжардағы «1330 жыл» деген сөз дәлел. Бұл хижра жыл санауымен жазылған уақыт. Шамамен өткен ғасырдың оныншы жылдарымен сәйкес келеді.
Қалиолла Саматұлы, этнограф-ғалым:
- Қару-жарақ зерттеуші ғалым ретінде сараптама жұмысына қатыстым. Музей бізді – мамандарды шақырды. Соның бәрінде 2 рет отырдық. Сонда оның жанағы тарихи дәлдігіне көзіміз жетіп, куәлігімізді бердік. Бұл енді тарихи дүние.
Қару Ұлттық музей қорына салтанатты түрде табысталды. Құнды жәдігердің жеке қолдан музейге өтуі ұлт тарихы үшін елеулі оқиға – дейді жиынға қатысушылар. Сонымен қатар, балуанға тиесілі 26 зат музейде сақтаулы.
Шернияз Жалғасбекұлы, Ақылбек Есімсейтов, «24.KZ».