Классикалық музыка кеші өтті
Талдықорғанда Жетісу облыстық Дәнеш Рақышев атындағы филармониясы эстрадалық-симфониялық оркестрінің классикалық музыка кеші өтті.
Онда Павел Тарасеевичтің дирижерлық етуімен Алматы қаласындағы «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі де өнер көрсетті.
«Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі 1997 жылы ансамбльдің көркемдік жетекшісі, Қазақстан Республикасының халық артисі, профессор Гаухар Мырзабекованың бастамасымен құрылған болатын.
Осы уақыт ішінде ансамбль құрамындағы жас музыканттар әлемнің көптеген еліне гастрольдік сапармен барып қайтты.
Олар бұл кеште «Симфония 29 финал», «Айттым сәлем Қаламқас» сияқты сазды шығармаларды орындады.
Ал Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясы эстрадалық-симфониялық оркестрі 2023 жылдың 27 маусым күні құрылды.
Серік Еркінбеков, композитор:
- Бағдарламалары өте күшті. Әлемнің шығармалары, композиторлары, үлкен орындаушыларымыз солардың репертуарларынан жақсылап түсіріп, дайындап, өзіміз де аздап таңқалдық. Жақсылық тілейміз. Оркестр өсе берсін. Тағы да келешекте үлкен әлемдік концерттік залда концерттерін беріп, осылай өзіміздің қазақ өнерін көрсетсе, біз өте қуанышты боламыз.