Алматыда Қазақстанның барлық оқушылары үшін музейге бару тегін болады

Алматыда Қазақстанның барлық оқушылары үшін музейге бару тегін болады
www.gov.kz

24 қаңтардан бастап мектеп оқушылары үшін Алматы музейлеріне кіру тегін болады.

Қала әкімдігі тиісті шешімге қол қойды. Бұл оқу процесін байытып қана қоймай, балалардың мәдениетке, өнерге және тарихқа деген терең қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар музейлерге бару арқылы олардың сыни ойлау қабілеті мен аналитикалық дағдылары да дами түседі.

«Елімізде 3,9 млн оқушы бар. Біз барлық бала мен жасөспірім өнер туындыларын, артефактілер мен экспонаттарды өз көздерімен көріп, дүниетанымын кеңейткенін қалаймыз. Бұл оларға қосымша білім алып, тарихи оқиғаларға терең үңілуге көмектеседі. Мектеп оқушылары музейлерге негізінен сынып жетекшілерімен бірге келетінін байқаймыз. Енді олар оқу жылы барысында да, демалыс кезінде де Алматы әкімдігіне қарасты музейлерге тегін бара алады», – деп хабарлады қала әкімдігі.

 

Алматы қаласының әкімдігі