Алматыда «Mamluk.Сұлтан Бейбарыс» атауымен жаңа қойылым сахналанды

«Mamluk.Сұлтан Бейбарыс».

Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театры осындай атаумен жаңа қойылым қойды. Жанры саундрама. Спектакль Қыпшақ даласында туып, Мысырда ел басқарған Сұлтан Бейбарыс туралы сыр шертеді. Жаңа сахналық қойылым тарихта қалған тұлғаның көшбасшылық, жауынгерлік қабілетін көпке үлгі етеді.

Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай «Алатау» дәстүрлі өнер театры ерекше жаңа қойылым әзірледі. Жанры саундрама болғандықтан бірнеше бағытты қамтиды. Өзгешелігі этно-фольклорлық ансамбль мен хореографтартарға баса назар аударылды. Оған қоса музыканттар, композитор, актёрлар мен дыбыс режиссерлары бірігіп жұмыс істеді.

Саттар Ерубаев, Алатау дәстүрлі өнер театрының труппа жетекшісі:

- Ерекшеліктері бар, сөз жоқ. Сөзге құрылмаған бәрі саунд-драма болғаннан кейін, бәрі іс-әрекет пен музыкаға құрылған. Былай айтқанда, Сұлтан Бейбарыс қалай дүниеге келеді. Қалай мамлюк кезінен, ол сұлтан болды. Осы өмірінен біздің режиссеріміз Фархад Молдағали тағы да бір дүниесін елге тарту етейін деп жатыр.

Өнер иелері саун-драма арқылы ұлттық фольклорды, қазақ өнерін, дала дауысын, оның әуендерін табиғи түрде танытқысы келген. Қойылымды тамашалаған адам бір ауыз сөзсіз-ақ өнер әлеміне еніп кетеді.

Фархад Молдағали,режиссер:

- Біздің дала дауыстарын, әншілердің жыршылардың, жоқтау, қаншама даланың күн күркіреуінен бастап, адамдардың сөз сөйлеу интонацияларына дейін, адамдардың осы жаңағы музыка, пластика сөз тыныштық, ұлттық аспаптар, осындай хореографиялық дүниелер соның барлығы бір жерге жиналған кезде осының барлығы арқылы біз саунд-драма жасай аламыз.

Театр ұжымы қойылымға тарихи драма ретінде емес, заманауи спектакль ретінде реңк берген. Оның бүгінгі күнмен үндес болуын қалаған. Одан қазіргі қоғамның көрінісін көруге болады.

Фархад Молдағали,режиссер:

- Бейбарыстың да өзінің ішкі трагедиясы болған қазақтың, қыпшақтың даласындағы бір бала ретінде емес. Бейбарыс қазақ деген ұранды бұл жерден алып тастадық. Өйткені бұған дейінгі спектакльдер солай қойылған. Ол қайтадан қайталамайық деген ниетпен Бейбарысты әлемдік тұлға, ретінде көрсетуге тырыстық.

Қойылым заманауи жаңашылдық пен режиссерлік ұтымды шешімдерді қолдана отырып, Бейбарыстың адами болмысын ашуды мақсат еткен. Оған театрдың 74 әртіcі, бишілер тобы және «Алатау» этно-фольклорлық ансамблі атсалысты. Жаңа қойылым алдағы уақытта 4 халықаралық фестивальге қатысады.

Қарлығаш Қайыпбекова, Мұхит Құдықбаев

«Гүлдер» ансамблі эксперименталды концертін ұсынды

Ұлттық биден қазіргі заманғы хореографиялық өнерге дейін... Астанада аты аңызға айналған «Гүлдер» ансамблінің эксперименталды концерті өтті. Кеш барысында көрермендерге сахнаға шығып, кәсіби орындаушылармен бірге би билеуге мүмкіндік берілді. Өнер ұжымы осылайша көрерменді би құдіретіне бөлеп, оларға ұмытылмас әсер сыйлады. Концерттік бағдарламада жаңа би қойылымдары ғана емес, байқауларда жүлделі болған хореографиялық туындылар ұсынылды. Сондай-ақ спорттық және көше би мәдениетінің үлгілері де көрермен тарапынан жоғары бағаға ие болды.

Мөлдір Нығметова, "Гүлдер" ансамблінің хореографы:

- «Экспериенс» қазақ тіліне аударғанда тәжірибе дегенді білдіреді. Осыған дейін біз бірінші экспериенс өткізген болатынбыз. Ол камерный зал форматында өтті. Осы жолы үлкен сахнаға шықтық. Біз әдеттегі форматты қолданған жоқпыз. Біздің көрермендер сахнада отырды.

«Таптым-ау сені» ерекше үлгіде сахналанды

Талдықорғанда «Таптым-ау сені» спектаклі Бикен Римова атындағы драматеатрдың акт залында емес, кіреберісінде сахналанды. Әлібек Байболдың шығармасын жас режиссер Рамазан Үсен имерсивті жанрда көрермен назарына ұсынды. Жаңа бағыт өнерсүйер қауым мен актерлар арасын етене жақындастыру үшін қолданылады. Әрі туындының мағынасын терең түсінуге ықпал етеді. Мейіржан Нұров пен Толғанай Ізтілеу ғана ойнайтын қойылымның ұзақтығы 40 минут. Алғаш рет қойылған спектакльде екі жастың сезімі, кіршіксіз махабаты бейнеленген. Бақытты бағалай алмағандардың мұң, зары көрсетіледі.

Данияр Базарқұлов, Б.Римова атындағы драма театрының көркемдік жетекшісі:

- Басты мақсатымыз көрермендерді ерекше әлемге жетелеп, әсер қалдыру. Мәнді бар мағынасы бар драматургия. Бұл қоғамдағы жас қыздардың ажырасып кетіп, жалғыздықпен күресіп жүрген ішкі құбылыстарын ақтаратын деп есептеймін. Бәріне сабақ үлгі болатындай. Бағыты заманауи болғанымен айтар тақырыбы ауқымды.