Таразда қолөнер бұйымдарының көрмесі ашылды
Таразда халықаралық әйелдер мерекесіне орай қолөнер бұйымдарының көрмесі ашылды.
Көркемсурет галереясында 30-ға жуық шебер өз жұмысын келушілер назарына ұсынды. Киім үлгілері, зергерлік әшекейлер, кестелеп тоқылған қолөнер бұйымдары мен қылқалам шеберлерінің туындылары бар. Сәлима Үсіпәлиева отыз жылдан бері тоқыма өнерімен айналысады. Ұмытыла бастаған өрмек тоқу технологиясын жаңғыртып, киім мен сөмке тоқиды. Тіпті шетелден тапсырыс беретіндер бар. Қазір аймақта тігін және тоқымамен 100-ге жуық шебер айналысады. Көрме 7 наурызға дейін жалғасады. Тамашалап қана қоймай, ұнаған бұйымды сатып алуға болады.
Сәлима Үсіпәлиева, қолөнер шебері:
- Өрмек тоқу технологиясы ұмытылып кетпесін деп көкірекшелер, күртешелер, қол сөмкелер. Содан кейін басқа киетын қасабалар, бас киімдер, сөмкелер қолға ұстайтын. Көбінесе қазіргі заманға сай, мерекелерге киетін, күнделікті киетін мынадай жылы әрі практичный дейді ғой, бәрін астарлап әдемілеп мінекей осындай бұйымдарды өрнектік технологиясымен жасап жатырмын.