Әдебиет және әйел
Әдебиетте жазушы қыз-келіншек көп.
Поэзия, прозаға да қалам сілтеп, кейбірі өздері кейіпкерге айналған.
Қазақ әдебиетіне қуатты дүниелер алып келген аяулы жандар ортамызда жүр.
Қазақ әдебиетіне олжа салған қаламгер қыздардың осалы жоқ. Мәселен, «Ақжайықтың ақ шағаласы» атанған Ақұштап Бақтыгереева өлең тілінде сіңлілерімен сырласты.
Ақұштап Бақтыгереева, ақын, мемлекеттік сыйлықтың иегері:
- Поэзияны кім жазғанында тұрғаны емес, поэзия адамзатқа ортақ. Сондықтан қыздарға қалам да ортақ, поэзияда ортақ. Сондықтан жазудағы қыздарша баршасына табыс тілегім келеді. Мен өзімнің ізімнен келе жатқан сіңлілерімді бәрін жақсы көремін. Ханбибі Есенғараева, Қаршыға Есемсейітова бұл менің ізбасарларым келе жатқан. Оңайгүл Тұржан, Жанат Әскербек, Гүлнәр Салықбаеваларды мен қарап отырамын.
Ал алты алашқа танымал «Алтынай», «Нурикамал» әндерінің мәтінін жазған, қара өлеңнің Ханбибісі поэзияның қабырғасын қаласты.
Ханбибі Есенғарақызы, ақын:
- Әдебиетте «Жазушылар адам жанының - инженері» деген сөз бар. Оның ішінде әйелдер ат салысып ер азаматтардан қалыспай жазу өнерімен айналысып келеді. Ер азаматтар оқиғаларды тарихи жағдайларды ірі кесек тураса әйел адамдар соның ішкі нюанстарын ішкі сезімдерін ішкі құбылыстарды өте жақсы жеткізе біледі халыққа.
Қара сөздің қаймағын қалқып алып, алтын сөзге айналдырған Роза Мұқанова «Сөйлемді құрау – жанның үні, жүректің лүпілі» дейді.
Роза Мұқанова, жазушы-драматург:
- Біздің қазақ әдебиетінегі орыны ерекше қазақ ханымдары бар. Әдебиетке із салған. Әдебиеттің деңгейін көтерген. Соноу арғы тарихтан алмай бері қарай келетін болсақ, мынау қаламгер апаларым Сара Мыңжасарова, Шәрбану Құмарова, кешегі өткен Фариза Оңғарсынова, Марфуға Айтқожина, бүгінгі қалам ұстап жүрген қазақ әйелдерінің тарихын көтеріп, рухын биіктетіп, бүгінгі ұрпаққа жеткізіп жүрген Шәрбану Бисенова апаларым...
Қазақ әдебиетінде өзіндік жол салған бүгінгі қаламгерлер өздері үлгі тұтқан алыдыңғы толқынды еске алды. Өздері кейінгі жастардың іздерін жалғайтынына сенеді.
БЛИЦ:
Ақұштап Бақтыгереева, ақын, мемлекеттік сыйлықтың иегері:
- Мен көктемнің алғашқы шуағымен қоса әйелдер күніменен бұкіл қазақстандық қалам ұстаған қыздарды, замандастарымды, әсіресе өлең жазып жүрген қыздарды құттықтағым келеді.
- Ханбибі Есенғарақызы, ақын
- Барша қаламдас әріптес қыз-келіншектерді бүгінгі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Құтты болсын, құрбылар!
Роза Мұқанова, жазушы-драматург:
- Мен бүгін барша қазақстандықтарды қазақ әйелдерін үлкен атаулы мейрамымен құттықтаймын!
Асантемір Қаршығаұлы, Абдулхамит Бөлекбаев