Қазақ қызы «Халықаралық Алтын мұра ханымы» титулына ие болды
Қазақ қызы «Халықаралық Алтын Мұра Ханымы» титулына ие болды.
Елордалық Баян Шаймарданова Тайландта өткен байқауда қара жорға биін билеп, әлем халқына ұлттық киімімізді паш етті. Қонақтарға тақия сыйға тартты. 60 қатысушының ішінен топ жарып, биіктен көрінді. Айта кетейік Баян Шаймарданова осыған дейін Алматыда өткен “Еуразия топ-Ханымы” байқауының Гран приін жеңіп алған болатын.
Баян Шаймарданова, “Халықаралық алтын мұра ханымы” титулының иегері:
- Ұлттық дүниені өзімнің ойымнан шығаратындай дизайнер іздедім. Сол дизайнер ретінде Раушанды таңдадым. Ол кісі маған 65-70 см биіктігі керемет өзіңізге көрсеткен күндікті тігіп берді. Ол күндікті киелі күндік деп атадық өзіміз. 60 мемлекеттің ішінде сахнаға шыққан кезде танымайтын залда Қазақстан деп шапалақтап құрметтеген кезде керемет әсер болды.