Британиядан Әл-Фарабидің қолжазбасы табылды
Әл-Фараби бабамыздың қолжазбасы табылды.
Әйгілі ғұламаның өз қолымен жазған өмірбаяны мен шығармалары Ұлыбританиядан табылған. Табылған дүниелердің ішінде Құранның түркі тіліне аударылған алғашқы нұсқасы да бар екен.
Қолжазба Ұлыбританияның Манчестер қаласындағы кітапханадан табылған. 10 ғасырдай жат жұртта сақталған құнды жәдігердің елге тек көшірмесі жетті.
Жандос Болдықов, қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры:
- Біз сол Манчестерге арнайы барып, сегіз кітаптың көшірмесін алып келдік. Ол өте құнды құжатта, соның сапалысын алып келдік. Атап айтсақ, онда Әл-Фарабидің кітаптары бар жазылған. Тағы да біздің тарихтың беттерін ашатын кітаптар бар.
Қолжазбада Фараби өзінің өмір жолын баяндаған. Сондай-ақ бірақтара мақалалары бар. Мұның бәрін ғұлама өз қолымен жазған. Еңбектің құндылығы да сонда.
Алмат Абсалықов, қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының бас сарапшысы:
- Жалпы Фарабидің еңбектері көп бар. Енді мақалат деген еңбегі тек қана біздің шығыстанушылар, философтар пікірі бойынша тек қана Голландияда Лидн қаласында сақталған. Және де Германияда бір түпнұсқа Манчестер Бодлионд кітапханасында сақталған дейді.
Қазақстанға жеткен құнды қағаздардың көшірмесі жинақталып, кітап болып басылып шығады. Арнайы зерттеу жүргізіледі. Манчестрге барған мамандар Фарабидің қолжазбасымен қоса түркі тілінде алғаш жазылған құран кітабын тапқан.
Жандос Болдықов, қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры:
- Ең маңыздысы Құран. Түркі тіліндегі құран деп айтуға болады. Ол енді шамамен он, он екінші ғасырларда жазылған болатын. Арап тілінде, парсы тілінде және де түркі тілінде аудармасы бар. Сол түркі тілінде аударылған құранның аллғашқысы деп айтуға болады. Оның маңызды бір дәлелі бар. Ол оңтүстік қазақстанда жазылған деген болжам бар. Ғалымдар сондай пікір қалдырған.
Ұлттық құндылықтарды жинақтап жүрген зерттеушілер біраз мұрағаттарды ақтарып, құнды дүниелер қатарын толықтырып келеді. Енді бұл қолжазбалар толық зерттеледі. Енді оларды қазіргі қаріпке түсіріп, оқырманға таныстыру маңызды.
Асантемір Қаршығаұлы, Марат Дайыров