Алматылықтар "Астана балетті" тамашалай алады

Алматылықтар "Астана балетті" тамашалай алады

"Астана Балет" театры алматылықтарға үздік қойылымдарын көрсетеді.

Бағдарламаға классикалық және заманауи хореографиялық қойылымдар, танымал опера әншісі Мария Мудряктың концерті еніп отыр.

Гастроль шымылдығы 7 сәуірде әлем жұлдызы мен симфониялық оркестрдің бірлесуімен түріледі.

Кейін 16 сәуірге дейін түрлі тақырып пен жанрдағы музыкалық шығармалар ұсынылмақ. Елордалық ұжым алматылық көрермендерге тосынсый дайындап отыр.

Гастрольдік сапар Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылады.