Қазақстандағы "Пейіш"
Наурыз айында басталған Қырғыз киносы күндері Астана қаласында жалғасын тапты.
«Пейіш. Жұмақ ана табанының астында» фильмінің режиссері Руслан Акунның айтуынша киноның кейбір көріністері қазақ даласында, яғни Түркістан шаһарында түсірілген.
Бұл туынды ана мен бала арасындағы байланысты, сондай-ақ Қазақстан мен Қырғызстанның достығын көрсетеді.
Күміс Сейітова, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдениет комитетінің төрағасы:
- Наурыз айында Қырғыз киносының күндері Алматы қаласында басталып кетті. Қырғыздың екі киносы көрсетілді. Бүгін сол Астанада жалғасын тапты, оны өздеріңіз көріп жатырсыздар. Жалпы осы сәуір айы бойы көптеген шара өтеді. Атап айтсақ, осы жақын арада Манас ескерткіші ашылады Елордамызда.