Алматыда «Жібек жолы үні» халықаралық музыкалық фестивалі өтеді

Алматыда алғаш рет «Жібек жолы үні» халықаралық музыкалық фестивалі өтеді.

Іс-шара 22-25 мамыр аралығына жоспарланған. Оған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше 9 елдің әлемдік деңгейдегі музыкалық продюсерлері мен талантты өнерпаздары қатысады. Шоу аясында Франция, Марокко, Эстония, Италия, Германия сынды мемлекеттердің жетекші музыканттары өнер көрсетеді. Сонымен қатар бірқатар ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойлады деп күтілуде. Бұл туралы Бейжіңде Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Хатшылығында өткен брифинг кезінде белгілі болды. Фестиваль Қазақстанның ұйымға төрағалығы аясында ұйымдастырылады. Ол халықтар арасында достық қарым-қатынасты нығайтуға бағыттылаған. Қазақстан осы арқылы саяси-экономикамен қатар мәдени-гуманитарлық байланыстарды да дамытуды көздеп отыр.

Жанеш Кайн, ШЫҰ хатшылығы бас хатшысының орынбасары:

- Мұндай деңгейдегі іс-шара біздің ұйымның тарихында алғаш рет ұйымдастырылайын деп отыр. Алматы Шанхай ынтымақтастық ұйымының туристік және мәдени астанасы. Мұнда барлық мемлекеттер бір-бірінің бай мәдениетімен танысуға мүмкіндік алады. Мәдени пікір алмасады. Өз басым тағатсыздана күтіп жүрмін. Арнайы барып қатысамын. Бұл биылғы жылы өтетін ең ірі іс-шаралардың бірі болмақ. Ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз. 

Нұрлан Аққошқаров, ШЫҰ хатшылығы жанындағы қазақстанның тұрақты өкілі:

- Негізгі мақсаты сол Жібек жолы бойындағы елдердің арасындағы мәдени қарым-қатынасты күшейту. Осы арқылы біз тағы да Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы бауырластықты және түсіністікті арттыра түсу маңызды. Бұл шілдеде өтетін Астана саммитіне орайластырылып ұйымдастырылған мәдени іс-шаралардың бірі болайын деп тұр.