Берлинді баураған Абай әні
Абайдың «Көзімнің қарасы» әні Берлинде шырқалды.
Бұл шығарманы халықаралық Силк Роуд Спэшл тобы Германия астанасында өткен мәдениет фестивалінде орындады.
Айта кетейік, бұл топтың құрамында Германия, Италия, Албания және Қазақстанның әншілері бар. Соның ішінде отандасымыз қарағандылық Нарбота Аманова қазақша айтатын топ солисі.
Силк Роуд Спэшл – түрлі жанрда, ска, джаз, рок және блюз бағытында ән айтады. Биыл жазда Бремен, Гамбургте өнер көрсетуді жоспарлап отыр.