Дәстүрлі әнші: Домбыраны қанша дәріптесек те артық етпейді

«Домбыра – қазақтың жаны. Тек қана киелі аспап емес, ол ұлтымыздың ұлы шежіресі».

Бұл Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Жанпейісованың ойы.

Осы домбыраның үнінде халқымыздың мұңы мен сыры жатыр. Ұлттық домбыра күні күй тартумен ғана шектелмеу керек. Бұл күні дәстүрлі әншілерді, жыраулар мен термешілерді көпшілікке кеңінен насихаттау керек, - дейді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Дәстүрлі әнші Алматыда Ұлттық домбыра күніне орай «Халық жүрегінің әуендері» деген тақырыппен өткен кеште өнер көрсетті. Шараны Алматы Кітапханалары мен Қазақстан халқы ассамблеясы ұйымдастырды.

Концертте шығармашылық топтар, белгілі домбырашылар, жас орындаушылар да өз өнерін ортаға салды.

Сәуле Жанпейісова, дәстүрлі әнші:

- Осы домбырамен ән айтып жүрген әншілер де біздің мерекеміз ғой деуде. Қазір қаншама мектеп оқушылары арасында небір күйлерді мыңдаған балалар тартып жатыр. Домбыра ешқашан құндылығын жоғалтқан емес, жоғалтпайды да. Домбыраны қанша дәріптесек те артық етпейді. Тіпті домбыра мерекеде ғана емес, үнемі әрбір қазақтың төрінде ілулі тұрғанын және ілініп қана емес, әр шаңырақта күнделікті үнінің күмбірлеп төгіліп жатқанын қалаймыз.