«Үш дүние арқауы» деректі фильмінің тұсаукесері өтті
Алматыда танымал ақын, режиссер және сценарист Бақыт Қайырбековтің «Үш дүние арқауы» деректі фильмінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды 24KZ. Картина мыңдаған жылдар бұрынғы Шумер мәдениеті мен Орталық Азияның көшпелі халықтары арасындағы таңғажайып параллельдер туралы.
«Үш дүние арқауы» деректі фильмі Орталық Азияның көшпелі халықтары мен ежелгі Шумер мәдениеті арасындағы таңғажайып байланыс туралы. Жоба авторы ақын, режиссер Бақыт Қайырбеков Олжас Сүлейменовтің «Аз и Я. Шумер-наме» және Мұрат Әуезовтің «Бәрін көрген» – ең көне Інжілге дейінгі эпосқа арналған еңбектерінен шабыт алған.
Бақыт Қайырбеков, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:
- Баяғыда дала мен қала екеуі қосылғанда күш болған. Күші сондай, мынау тәңірлер көре алмай соны, бізді айырып жіберді. Біз тек қана қазақ дейміз. Оның ішінде татарлар да бар, басқалар бар, түрік тіліндегі елдердің бәрі осының ішінен өздерін табады, меніңше.
Автор деркті фильмде отырықшы және көшпелі мәдениеттердің бауырластығын, екі өркениеттің мәдени байланысындағы алғашқы және соңғы әрекетті көрсеткен. Көрермен ұлтымыздың көне мәдениетіндегі тарихшылар байқамаған немесе әдейі елемей кеткен көптеген құнды дерекпен таныса алады.
Айгүл Черендинова, фильмнің продюсері:
- Олжас Сүлейменов пен Мұрат Әуезовтің жасаған жұмыстарына қарағанда Бақыт Қайырбеков мына Шумер мәдениеті мен көне Түрік көшпенділердің мәдениетін қосып, өзінің интерпритациясын көрсетуге тырысты. Съемкалардың барлығы Қазақстанда ғана емес, шетелде – Иордания мемлекетіне барып түсірдік.
Қазақ халқының тарихы, мәдениеті және философиясына арналған картина бір жылдан аса түсірілген. Бүгін тұсауы кесілген туынды алдағы уақытта халықаралық байқауларға ұсынылады.
Авторлары: Аршын Кемелжан, Сұлтан Бейсекенов.