Елордада көзі нашар көретіндерге арналған көрме ашылды
«Көзге көрінбейтін әлем» атты іс-шара ÓzgeEpic креативті хабында ұйымдастырылған.
Онда әлемдік фото шеберлерінің объективіне іліккен оннан аса туынды қойылды. «Басты мақсат – өнерді зағип жандарға қолжетімді етіп, оларға рухани ләззат сыйлау», – дейді ұйымдастырушылар. Сондықтан фотосуреттер ұстап-сипап көруге ыңғайлы бұдырлы бейне, дыбыстық ақпараттар мен Брайль қарпіндегі мәтіндермен қоса ұсынылды. Әлеуметтік маңызы зор бұл көрме ай соңына дейін жалғасады.
Алмат Рысқали, ұйымдастырушы:
- Мына суреттердің барлығы тактильді.Ұстап-сезініп көруге болады. Осы суретттерде тек қана сезінбей, онымен қоса аудио таспа бар. Ол әрбір суреттің тарихын айтады. Қалай түсірілгенін, қай жерде түсірілгенін айтады. Сол тарих брайль қарпімен жазылған.