Димаштың концертіне 20 мыңға жуық адам барды
Қазақтың мақтанышы Димаш Германия жұртшылығын тәнті етті.
"Стрейнджер" атты әлемдік туры Дюссельдорф қаласында жалғасты. Димаш бұл жолы 20 мың адам сыятын алаңда ән шырқады. Ол тура 2 жыл бұрын осы сахнада "Арнау" атты концерттік бағдарламасын тарту еткен болатын. Талантты әншінің бірегей даусын тыңдауға құмартқан жанкүйерлерде есеп жоқ. Оларға Димаштың әзірлеген тосынсыйы аз болмады. Кеште Димаштың жаңа әндерінің тұсауы кесілді. Сондай-ақ 7 бірдей тілде ән шырқап, өнердің құдіреті шексіз екенін тағы бір мәрте дәлелдей түсті.
Эстер, Димаштың жанкүйері /Испания/:
- Сәлеметсіз бе! Менің атым Эстер. Біз Испанияданбыз. Біз Қазақстанды және Димашты жақсы көреміз!
Глория, Димаштың жанкүйері /АҚШ/:
- Димаштың арқасында Қазақстан халқының қандай кеңпейіл халық екенін түсіндім. Димаштың адамзатқа деген махаббаты дәл осы халқынан деп түсіндім.