Елордада «Сәруар сарын» кітабының тұсаукесері өтті

Елордада жаңа «Сәруар сарын» жыр-жинақ кітабының тұсауы кесілді.

Оның авторы ақын, аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Ләйлі Құндақбай. Кітап үш бөлімнен тұрады. Алғашқысында лирикалық шығармалар, екінші бөлімде қисса дастандар мен поэмалар. Ал жинақтың үшінші бөлігі орыс тілінде жазылған өлеңдердің аудармаларын қамтып отыр. Дәлірек айтсақ, орыс әдебиетінің ақыны Анна Ахматова мен сопылық поэзия атасы Жалаладдин Румидің өлеңдері аударылған. Рәсімге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері мен Сыр елінен арнайы келген жыршы-жыраулар қатысты.

Ләйлі Құндақбай, ақын, филология ғылымдарының кандидаты:

- Бұл енді одан бергіректе біраз уақыт жиналған еңбектер. Көлемді еңбек болып жарық көріп отыр.  Бұл кітаптың дені Сыр шайырларының үлгісіндегі жазылған қисса дастандар енгізілген.